Былғары зауытындағы мына үйде Лилия Хайретдинова 13 жылдан бері тұрады. Баспана 2 қабатты. Табиғи апат кезінде тұрғынжайдың төменгі бөлігі зардап шеккен. Нәзікжандыны осыдан 3 жыл бұрын ғана жөнделген үйіне топан судың кіргені қынжылтады.
ЛИЛИЯ ХАЙРЕТДИНОВА, қала тұрғыны:
– Мамырдың 6-сы күні үйді бағалайтын мамандар келді. Айтуларынша, баспана тұруға жарамды. Жұмыстардың барлығын әкімдік өз мойнына алмақ.
Баспанаға сметалық құжаттар жасалды. Енді үйді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Былғары зауыты ықшам ауданында су кірген 70-тен астам үй Есіл ауданынан келген жедел штабтың қарамағында. Яғни, оларды есілдік бригадалар жөндейді. Іске 35 адам мен 8 техника жұмылдырылған. Есіл ауданы әкімінің орынбасары Ержан Мұстафиннің айтуынша, тізімге алынған баспаналардың 60 пайызы апаттық деп танылған.
ЕРЖАН МҰСТАФИН, Есіл ауданы әкімінің орынбасары:
– 18 үй жөндеуге жарамды болып шықты. 6 үйге кірдік. Жоспар бойынша бүгін 7-ші үйді жөндеуге кірісеміз. 1:32/ Жалпы, 20-дан астам үй бағалаудан өтті.
Есіл ауданы әкімінің орынбасары Ержан Мұстафиннің айтуынша, тізімге алынған баспаналардың 60 пайызы апаттық деп танылған.
Гүлден Сембаева