– Где, где, Арыс? – Со стороны Хромзавода в сторону моста, Подгоры, едет, передвигается автомашина на большой скорости, не подчиняется.
Зымыранша зулап, бұйрыққа бағынбаған мына жүргізуші полицейлерді әлекке салды. Жылдамдықты шамадан тыс асырған жанды мамандар “Челябі-Новосібір” автожолында байқап, бірден тоқтатады. Алайда, сақшылардың заңды талабын елемеген құқық бұзушы өз қозғалысын жалғастыра береді. Оны патрульдік полицияның бірнеше экипажы қуады. Қаланың ішінде жасырынуды көздеген ер адам ақыры Партизан және Жұмабаев көшелерінің қиылысында ұсталады. Ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
– Ваша причина остановки является то, что вы не включили ближний свет фар. На вас будет составлен административный протокол по ст. 602, ч. 1-1.
Жылдамдықты шамадан тыс асырғандар өзінің ғана емес, өзгенің де өміріне қауіп төндіреді. Ақырын жүріп, анық баспайтындардың кесірінен 4 айдың ішінде өңірімізде 2 жол-көлік оқиғасы орын алыпты. Салдарынан 8 адам зардап шеккен. Сақшылар азаматтарды жол ережесін сақтауға шақырады.