Қоғам

Қазақстандықтардың зейнетақы шотына жұмыс берушілерден алғашқы жарналар түсті

«Азаматтарға арналған үкімет» осы жылдың төрт айында 59 млрд теңге болатын 1,7 млн төлемді өңдеді. Бұл – жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарнасының жалпы сомасы. Ол биыл алғаш рет енгізіліп отыр. Мұндай жарна 1975 жылдың 1 қаңтарынан кейін туған барлық қызметкердің табысының 1,5 пайызынан төленеді. Ақша алдымен «Азаматтарға арналған үкіметтің» шотына түседі. Кейін кең ауқымды есеп жүргізіліп, қаржы үш жұмыс күннің ішінде шотқа аударылады. Түскен сома қызметкердің меншігі болып есептелмейді, капиталдандырылмайды және мұра ретінде қалдырылмайды. Азаматтарға зейнетақының бір бөлігін жарналарынан алу үшін жүйеге қатысу өтілі 5 жылдан кем болмауы керек. Айта кетейік, облыс бойынша түсім сомасы 833 млн теңгеден асып жығылды.

 

Мәдина Қаби