Қазақстан жаңалықтары

Елде су тасқынының алдын алу және болжау шаралары күшейтіледі

Осыған байланысты жаңа Су кодексі мен басқа да бірқатар стратегиялық мемлекеттік бағдарлама қайта қаралады. Бұл туралы вице-премьер Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен өткен кеңесте белгілі болды. Қазақстанда бірнеше IT-технологиялар қолдыналмақ. Мәселен, жедел хабарлау және құтқару қызметтерін төтенше жағдай аймағына жөнелту үшін SKYMAX жүйесі мен тасқын су жолының цифрлық карта-схемасы қолданылады.

Бұл ретте Қанат Бозымбаев жергілікті атқарушы органдарға жағалау аймағынан 500 метр аясында жер учаскелерін бермеуді тапсырды. Қолданыстағы 377 гидропостқа тағы жаңа 139 нысан қосылады. Олар су тасқыны қаупі бар аумақтар мен трансшекаралық өзендерде орнатылады.