Мамлют ауданының тұрғыны зейнетақысы мен банк карталары салынған әмиянынан айырылып қалған. Саябақта серуендеп жүрген әйел адам сол маңайдағы полиция қызметкерлерінің мобильдік тобына жүгінеді. Енді ғана кезекшілікке кіріскен мамандар бірден кезекші бөлімге хабарласқан. Демалыс орнының кіреберісінде орналасқан бенекамералар арқылы әмиянды тауып алып, иесіне қайтармақ болған қарт адамды анықтапты. Жоғалған зат иесіне қайтарылып берілді.
Ақжүніс Мұқатай