Аптадағы маңызды жаңалықтар

Облыс әкімі жұмыс сапарымен Аққайың ауданына барды

Облыста сәуірдің 15-інен өрт қаупі жоғары кезең басталды. Осыған байналысты өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов ең алдымен аудандағы өрт сөндіруге арналған техникалардың дайындығын тексерді. Соколовское және Қызылжар орман шаруашылығының директорларына жаңа 2 өрт сөндіру көлігінің кілтін табыс етті.

– Құтты болсын. Бәрі жақсы болсын. Сәттілік сіздерге. Мы в этом году будем еще технику привезти?
-Да. Еще 8 белорусов. Это очень хорошая техника.

Сондай-ақ, өрт сөндірушілерге арналған жаңа 60-тан астам толық киім жабдығы алынған екен. Салмағы шамамен 2 келіні құрайды. Мамандардың айтуынша, бұл киім ескілеріне қарағанда әлдеқайда сапалы және ыңғайлы.

– Внутри утиплительное есть. Летом тоже можно одевать. Не жарко. Те эти которые до этого они были неудобные. Практические не одевали. Потому что очень тяжелые. А это очень удобно. Не горючий материал. Уже испытывали.

Кейін жиналғандар 1,3 га жерге шамамен 13 мың түп қарағай ағашын екті. Сондай-ақ, облыс әкімі төтенше жағдай кезінде тұрғындарға көмек көрсеткен 3 азаматқа Алғыс хат табыс етті.

Облыста 2025 жылға дейін 20 мың гектарға 100 млн ағаш отырғызылмақ. 2021-2023 жылдары аралығында барлығы – 28,2 млн ағаш егілсе, биыл 6350 га жерге 38,7 млн ағаш егу жоспарланып отыр. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 7 есеге көп, Ал қазіргі таңда 394 гектарға 2,3 млн ағаш отырғызылған. Биылғы жылға жергілікті бюджеттен шаруашылықтарды кеңейту және қажетті құрал-жабдықты сатып алуға 2 млрд 239,9 млн теңге бөлінген екен.

БЕЙБІТ ИСМАНОВ, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы:

– Қазіргі таңда 152 млн теңгеге 12 ағаш отырғызу техникасы және 2 өрт сөндіру техникасы сатып алынды. Алдағы уақытта тағы 24 ағаш отырғызу көлігін және 8 трактор әкелінеді деп жоспарланып отыр.

Айта кетейік, облыста 12 орман шаруашылығы бар. Бейбіт Исмановтың сөзінше, олардың өрт қаупі жоғары кезеңге деген дайындығы 10-нан 7 балды құраған. Ал Аққайың ауданы тас-түйін дайын.

РҮСТЕМ ЕЛУБАЕВ, Аққайың ауданының әкімі:

– Ауданда 31 ерікті өрт сөндіру құрылымы бар. Құрылым мүшелерінің саны 130-дан асады. Сондай-ақ, 31 техникамен және 4 өрт сөндіру автокөлігімен жабдықталған. Басқа да керек-жарақтарының бәрі бар.

Ал өңірдегі өрт қаупі жоғары кезеңде атқарылып жатқан жұмыстар жайлы облыстық ТЖД бастығының орынбасары Дмитрий Растихин баяндады. Қауіпті кезең басталғалы облыста құрғақ шөп пен қоқыстың жануынан 14 өрт оқиғасы болған. Ал орман және далада өрт тіркелмеген.

ДМИТРИЙ РАСТИХИН, СҚО ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

– Бүгінгі таңда облыс аумағында айналаны қоқыстан және құрғақ шөптен тазарту жұмыстары аз ұйымдастырылды. Сондай-ақ, минералды жолақты жырту істерін де ұмытпау қажет. Мәселен, биыл елді мекендердің айналасына 2102 км минералды жолақ жырту керек болса, қазір оның тек 125 шақырымы ғана орындалды. Сондай-ақ, 636 елді мекен шөп пен қоқыстан тазартылуы керек. Ал бұл жұмыс қазір тек 150-ге жуық елді мекенде ғана жүзеге асырылды.

Бүгінге дейін облыста өрттің алдын алу мақсатында 210-ға жуық рейдтік кездесу өткізілген. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жауапты мамандарға өрттің алдын алу жұмыстарын одан әрі күшейтуді тапсырды.

 

“Қызылжар” телеарнасы