Қоғам

Ең жас волонтер марапатталды

Тамир Райымбеков – су тасқынына қарсы шараларға белсенді қатысқан және зардап шеккендерге көмек көрсеткен еріктілердің бірі. Табиғи апат кезінде 15 жасар бала батыл іс-әрекетімен көпті тәнті етті. Ол бөгет салуға да қатысты, гуманитарлық көмек те тасыды. Көпке үлгі боларлық бала 20-дан астам адамға көмек көрсеткен. “Бұнымен тоқтап қалмаймын”,- дейді жеткіншек.

ТАМИР РАЙЫМБЕКОВ, волонтер:

– Менің жеңгем – ҚХА мүшесі. Ол кісі қыстыгүні бір қарт адамға көмек қажеттігі туралы естиді. Бұл туралы білгенде мен де барып, қолғабыс етуді жөн көрдім. Мен адамдарға көмектесудің мән-маңызын түсіндім.

Жас волонтерді Достық үйінде қала әкімі Серік Мұхамедиев марапаттады. Жеткіншекке өңір жетекшісінің алғыс хаты табыс етілді.

СЕРІК МҰХАМЕДИЕВ, қала әкімі:

– Жиын барысында волонтерлік қызметке қосқан үлесі үшін Тамирге қалалық депутаттардың атынан смартфон табыс етілді.

 

Гүлден Сембаева