Су тасқынынан зардап шеккендер ешқандай маманның көмегіне жүгінбей, үйде отырып-ақ өтініш бере алады. Ол үшін смартфоныңызға Egov Mobile қосымшасын жүктеп алсаңыз жеткілікті. Өтінім беру үшін мобильді қосымшаға кіріп, басты беттегі “Су тасқынынан зардап шеккендер бойынша сауалнама” қызметін табу қажет. Әрі қарай мына алгоритм бойынша жұмыс істейсіз.
АЙТЖАМАЛ АЛМАҒАМБЕТОВА, “Еңбек ресурстарын дамыту орталығы” АҚ әлеуметтік көмек мәселелері жөніндегі басқарма басшысы:
– Сауалнама қызметін тапқаннан кейін, сол жерге өзіңіз туралы барлық ақпаратты, соның ішінде банк шотын, байланыс нөмірі мен мекен-жайын, уақытша тұрғын үй мен зардап шеккен мүлік туралы ақпарат, залалдың сипаттамасын көрсету қажет. Өтінім автоматты түрде ақпараттық жүйе арқылы жергілікті атқарушы органға келіп түседі. Құжат өңделгеннен кейін бағалау жұмыстары жүргізіледі.
Егер онлайн түрде өтініш беруше мүмкіндік болмаса, тұрғындар тікелей жергілікті атқарушы органдарға жүгіне алады.
АЙТЖАМАЛ АЛМАҒАМБЕТОВА, “Еңбек ресурстарын дамыту орталығы” АҚ әлеуметтік көмек мәселелері жөніндегі басқарма басшысы:
– Қажетті құжаттарды тапсырып, тексергеннен кейін бүлінген мүлікті бағалау жүргізіледі. Жалпы, сәуірдің 15-і мен мамырдың 3-і аралығында су тасқынынан зардап шеккен 14 мыңға жуық солтүстікқазақстандық түрлі қызмет алу үшін жүгінген. Көбі электрондық цифрлық қолтаңба ашу, жылжымайтын мүлікке, тіркелген құқықтар және жылжымайтын мүліктің жоқтығы туралы анықтамалардың телнұсқаларын алу туралы өтініш қалдырған.
Сондай-ақ, eGov мобильді қосымшасын орнату бойынша кеңес алу үшін жұмыспен қамту орталығы мен қала әкімдігіне 550 тұрғын хабарласқан.
Ақжүніс Мұқатай