Облыс әкімі атынан Уәлиханов, Тайынша, Есіл аудандары және қаладағы спорт мектептеріне су жаңа 7 темір тұлпар берілді. Автокөлік кілтін облыс әкімінің орынбасары Қанат Дүзелбаев табыстады. Уәлиханов ауданындағы спорт мектебінің басшысы Бектай Хасеновтың қуанышында шек жоқ. Су жаңа қызметтік көлік бұл мекемеге бірінші рет беріліпті. Айта кету керек, Бектай Хасенов – еркін күрестен елімізден шыққан алғашқы әлем чемпионы Ризабек Айтмұқанның алғашқы бапкері. Спорт саласында жүргеніне 45 жыл уақыт болыпты. Одан бөлек, Ризабектен басқа көптеген Азия чемпионы және Қазақстан чемпиондарын тәрбиелеген. Ауданда қазіргі таңда 600-ге жуық жас спортпен айналысады.
БЕКТАЙ ХАСЕНОВ, Уәлиханов ауданы спорт мектебінің басшысы:
– Алдымен, біз үшін балалардың денсаулығы аса маңызды. Біздің болашаққа жоспарымыз – зор жетістіктерге жету. Оның ішінде ауданнан әлем және олимпиада чемпиондарын шығару.