Топан судан зардап шеккен тұрғындарға өтемақы төлеу жөніндегі арнайы комиссия құрылғалы 3 мың 897 өтініш келіп түскен. Нәтижесінде 100 АЕК көлемінде бірреттік төлемді 3 мың 443 отбасы алған. Аталған жандарға аударылған ақша көлемі 1,2 млрд теңгені құрайды. Сондай-ақ, 400-ге жуық үй тексеріліп, 148 баспанаға бағалау жұмысы жүргізілсе, 23-і қалпына келтіруге жарайды деп танылған. Қоса кетейік, облысқа республиканың түкпір-түкпірі мен Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан сияқты көрші елдерді қоса алғанда мың жарымға жуық тонна гуманитарлық көмек жеткізілген.
Ақжүніс Мұқатай