ТЖ

Құтқарушылар әр жеке үйдің ауласына 200 литр су жинауға шақырады

Аумақтарды тез жанғыш заттар мен құрғақ шөптен тазалау, жиналғанды өрттемеу және әр жеке үйдің ауласына 200 литр су жинау. Бұл – күн-түн демей көмек қолын созуға даяр құтқарушылардың ұсынысы. Көпке мәлім, өңір аумағында сәуірдің 8-і күні өрт қаупі аса жоғары кезең бастау алды. Содан бері облыста кеуіп тұрған өсімдіктердің және қоқыстың 13 жану фактісі тіркелген. Тілсіз жау 3,5 гектар жерге залалын тигізді. Көп жағдайда төтенше жағдай адамдардың іске немқұрайлы қарауынан орын алыпты. Сол себепті, арнайы құрылған топтар рейд жүргізуде.

ДУЛАТ ШОРМАНБАЕВ, СҚО ТЖД бас маманы:

– Облыста түрлі орган өкілдерінің басын қосқан 51 мобильді топ құрылған. Олар 180-нен астам рейдтік іс-шара жүргізді. Нәтижесінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамаған 40-тан аса адамға ескерту түрінде жаза тағайындалды. Егер олар тағы да құқық бұзса, айыппұл салынады. Жеке тұлғалар үшін айыппұлдың көлемі 5 айлық есептік көрсеткішті құрайды.

 

Байболат Құлтанов