Экономика және қаржы

СҚО-да қоқысты сұрыптау қолға алынады

Өңірде 22,7 млрд теңгенің жобасын жүзеге асыру жоспарлануда. Бұл туралы LS порталы жазды. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорын базасында коммуналдық қалдықты жинау, сұрыптау және қайта өңдеу мәселесі қарастырылып жатыр. Тұрмыстық қатты қалдық төгетін жаңа полигон пайда болады және қуаттылығы жылына 70 мың тонна қоқыс өңдеуге жететін кешен салынуы мүмкін. Оның аясында экология үшін пайдалы бірқатар бастама қолға алынбақшы. Жоба 2026 жылға дейін іске асырылады деп шамалануда. Нәтижесінде 300-ден астам жұмыс орны құрылады.