Құқық қорғау органдары

СҚО-да 4 айдың ішінде абаттандыру ережесін бұзуға қатысты 5 жарым мыңнан астам факті тіркелді

– Ни пройти, ни проехать. Здесь ещё ничего, а дальше улица, там и болты, и шурупы, гайки, жестянки.

Қоқыстан көз ашылар емес. Жұмысшы кентінде рейд жүргізіп жүрген тәртіп сақшысына жергілікті тұрғын гараждардың бірінің тұсында қоқыс таудай болып үйіліп жатқанын айтты. Полиция қызметкері айтылғанды құр жазып алмай, дереу іске кірісті.
Ол гараж копперативінің төрағасына қатысты ескерту жариялау туралы хаттама толтырды. Сосын қоқысты жоюға 10 күн мерзім берді. Ескерту еленбесе, айыппұл салынады. Жалпы, облыста жыл басынан бері абаттандыру ережесін бұзуға қатысты 5 жарым мыңнан астам факті тіркелген.