Құқық қорғау органдары

Рейд: велосипед ұрлығының алдын алу

– В летнее время начнутся кражи велосипедов, колясок. Чтобы не допустить краж, лучше велосипед возьмите и домой куда-нибудь.

Учаскелік инспекторлар мен жедел уәкілдер Жұмысшы кентінде ақпараттық-профилактикалық рейд жүргізді. Қос дөңгелекті көлікті, балалар арбасын көпқабатты үйдің кіреберісінде қалдыруға болмайды. Қараусыз қалған дүние оңай қолды болады.

ДУЛАТ ТЕМІРТАСОВ, қалалық ПБ екінші полиция бөлімінің бөлімше бастығының орынбасары:

– Ақпараттық-түсіндіру жұмысын екінші полиция бөлімінің аумағында тұратын тұрғындар арасында жүргіздік. Велосипедті мүмкіндігінше үйде, балконда немесе жертөледе сақтаған дұрыс немесе арнайы құлыппен құлыптап кету керек.