Тасқынның қос толқынының беті сейілгеннен кейін төтеншеліктер су кірген елді мекендерде су сору жұмыстарын бастап кетті. Іс кешеден бері Қызылжар ауданына қарасты Тепличное ауылында да жүріп жатыр. Қазір мұнда 20-ға жуық адам мен 8 арнайы техника бар. Оның 4-еуі Қарағанды облысына тиесілі.
АЛДАНЫШ РАХТАЕВ, өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары, Қарағанды облысы:
– Кешеден бері Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаментінің 2 бірлік техникасы мен 2 су сору құралының көмегімен Тепличное ауылындағы су сорылып жатыр. Кешегі 3-тен басталған жұмыстың нәтижесінде 15 мыңдай куб су сорылды. Қазір тағы қосымша техникалар жұмылдырылуда.
Аталмыш елді мекеннің су басқан жерлері су сору жұмысынсыз-ақ кеткен. Мәселен, Елена Малееваның баспанасын қызыл су шатырына дейін басыпты. Иелері 3 күннен бері ішіндегі заттарды шығарып, құрғату жұмыстарын жүргізіп жатыр.
ЕЛЕНА МАЛЕЕВА, Тепличное ауылының тұрғыны:
– Су терезенің жартысына дейін жеткенін ізінен көруге болады. Үйдің қабырғасындағы түсқағаз – барлығы жарамсыз болып қалған. Судың сіңгені сонша балам екеуіміз төсек -орындарды шығара алмадық. Арнайы мамандар келіп бағалау жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Әзірге, мамандар “Вариско” атты арнайы техниканың көмегімен ауылдағы Нұрлыжол көшесінің жан-жағындағы суды сорып алып жатыр. Мотопомпа сағатына 360 текше метр суды сора алады. Қоса кетейік, кешеден бергі жұмыстың нәтижесінде тіршілік көзінің деңгейі 30-35 см-ге төмендеген.
Ақжүніс Мұқатай