Балалар

Түнде көше кезген жасөспірімдердің айтатын сылтауы көп – полицейлер

Серуендеп жүріп сағатқа қарамаппын, үйге бара жатқан болатынмын. Түнде көше кезіп жүрген жерінде ұсталған жасөспірімдер полиция қызметкерлеріне осылай деп сылтау айтады екен. 4 айдың ішінде қалада мұндай 235 факті тіркелген.
Кәмелет жасына толмағандар аулада тіпті өзінен үлкен адамдармен көңіл көтереді екен. Мұндай басқосу ішімдіксіз өтпейді дейді тәртіп сақшылары. Биыл 19 ата-ана баласы алкоголь тұтынғаны үшін жауапкершілікке тартылған.

 

Мәдина Қаби