Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өткен жылы атаған көрсеткіш 75 жасты құраған. Бұл кейінгі 25 жылдағы ең жоғары шама болып есептеледі. Айта кетейік, қазақстандықтардың жасы 2020-2021 жылдардағы пандемия кезінде төмендеп кеткен болатын. Қазір біртіндеп қайта қалыпқа келуде. Ауылдық жерлерге қарағанда қалалықтар ұзақ жасайды. Әйелдердің өмір сүру көрсеткіші 79 жас болса, ерлер арасында – 70.
Гүлден Сембаева