Қоғам

Қаладан мың тонна қоқыс шығарылды

Қызылжардан 1000 тонна қоқыс шығарылды. Мұндай маңызды шаруа “Таза Қазақстан” жалпыреспубликалық акциясы аясында тындырылды. Бұл шара аяқталған жоқ. Осыдан 3 ай бұрын басталған игі іс мамыражай мамырдың ортасына дейін жалғасады. Қоршаған ортаның, қаланың тазалығына бейжай қарамайтын жерлестеріміз әр сенбі және бейсенбі күндері білек біріктіріп, айналаны күл-қоқыстан арылтады, ағаштар отырғызады. Кеше Петропавлда жоспарланған сенбіліктің кезектісі ұйымдастырылды. Оған 5 мыңнан астам адам қатысты.

 

Мәдина Қаби