Қоғам

“Қызылжар су” кәсіпорнының аумағы күл-қоқыстан тазартылды

Таза ауа – жанға дауа. Осы ұстанымды ұстанған “Қызылжар су” кәсіпорнының қызметкерлері сенбілікке шықты. Ауа райының салқындығына қарамастан игі іске барлығы белсенді атсалысуда. Қол қусырып тұрған бір адамды көрмейсің.

НҰРГҮЛ САМАЛЫҚОВА, “Қызылжар су” ЖШС қызмет бастығының орынбасары:

– Бүгін біздің кәсіпорында мерекеге орай сенбілік өтуде. Бұл – биылғы жылы өткізіліп отырған 3-ші тазалық шарасы. Барлығы – 200-ге жуық адам қатысуда. Алдағы уақытта осы сияқты шараларды көптеп өткіземіз.

Мамандардың айтуынша, су тасқынынан ғимарат айналысына біраз қоқыс жиылған. Қолдарына сыпырғыш, тырнауыш пен күрек ұстаған ұйым өкілдері мекеменің жан-жағын ретке келтіруде. Қызметкерлер 2 сағат ішінде нысан аумағын тап-тұйнақтай етті. Мұнда тек тазалық шарасы өтіп қана қоймай, маңына ағаштар отырғызылды.

ГАЛИНА ВИШНЯКОВА, “Қызылжар су” ЖШС диспетчері:

– Біз барлығымыз жұмылып, қаламызды қоқыстан тазартуымыз қажет. Шаһардың тартымды болғаны жақсы ғой! Сенбілік жиі өткізіп тұрсақ, жұрттың экологиялық мәдениеті қалыптасады. Сенбілік – тазалықтың кепілі әрі қалаға сән береді.

Қызметкерлердің сөзінше, алдағы уақытта тасқыннан зардап шеккен жандардың үйлеріне барып, көмек көрсетеді. Осы жыл басталғалы “Таза қала” акциясы аясында шаһарда осындай 4 тазарту шарасы өткізілген.