Қоғам

Бескөл ауылының тұрғындары ағаш отырғызды

Мереке күні бескөлдіктер де қол қусырып отырмады. Әр салада еңбек етіп жатқан қызметкерлер мен ауыл тұрғындары “Қызылжар” саябағына жиналды. Бергі бетінде бір топ адам дәстүрге айналған шара – ағаш отырғызуға кірісіп кеткен. Жұмыла 30 түп үйеңкі егті. Істің басы-қасында аудан басшысы да жүр.

САҚТАҒАН СӘДУАҚАСОВ, Қызылжар ауданының әкімі:

– Бүгін саябақта ағаш отырғызу іс-шараларын өткізіп жатырмыз. Басқа ұлт өкілдерін жинап, халқымыздың бірлігін, тұтастығын көрсетудеміз. Осы ел басына қиыншылық туған кезде бәрін бірлесе жеңеміз. Оған су тасқыны үлкен дәлел.

Қызу тірлікке Бескөл ауылында 30 жылдан астам уақыт бойы тұрып келе жатқан Бақыт Қаражанова да қатысты. Жасы 60-қа таяған ұлағатты ұстаз ізгі тілегін жолдады.

БАҚЫТ ҚАРАЖАНОВА, “Парасат” мектеп-лицейінің мұғалімі, Қызылжар ауданы:

– Барлықтарыңызды мерекемен құттықтаймын. Бір шаңырақтың астында достығымыз жарасып, көп ұлт өкілі өмір сүріп жатырмыз. Жылдан жылға ұлтаралық достығымыз, татулығымыз нығая берсін. Елімізге бірлік пен тыныштық тілеймін. Мереке құтты болсын!

Ашық аспан астындағы шараға этномәдени орталық мүшелірі де бой көрсетті. Армян және славян ұлтының өкілдері жасыл желек отырғызып, қазақстандықтарды шуақты мерекемен өз тілдерінде құттықтады.

– Бүгін бескөлдіктер жаз бойы демалып, ашық аспан астында тынығатын саябақтарының біраз бөлігін қоқыстан тазартты. Игі шара алдағы күндері де жалғасын таппақ.

 

Ақжүніс Мұқатай