Экология

Тимирязев ауданында сенбілік өтті

Тимирязев ауданында да сенбілік өтті. “Таза Қазақстан” акциясы аясында тұрғындар жер-жерді күл қоқыстан тазартты. Мектеп оқушылары білім ұясының алдына ағаш отырғызды. Ересек адамдар көпірді сырлады. Ал жастар ресурстық орталығының өкілдері жалғызбасты нәзіжандыға жәрдемдескен. Аудандық аурухана қызметкерлері топан судан зардап шеккен әріптестеріне материалдық көмек көрсетті.

 

Мәдина Қаби