Спорт

Тайыншадағы стадионда жөндеу жұмыстары басталды

Тайынша қаласындағы стадионда күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Мердігер – «Актив-А» серіктестігі. Мұнда әзірге ескі жүгіру жолағын бұзу жұмыстары жүріп жатыр. Орнына жаңасы орнатылады. Жанкүйерлер отыратын орындар да жаңартылып, жасанды газон төселеді. Сондай-ақ, бұ жерде бірнеше спорт алаңқайын салу жоспарланған.