Құқық қорғау органдары

Өңірдің ішкі істер органдарында 20-дан астам ұлт өкілі жұмыс істейді

«Үйде мен әзірбайжанмын, жұмыста – офицермін”.
Патрульдік полиция батальонында инспектор болып жұмыс істейтін Асиман Мирзоев осылай дейді. Өңірдің ішкі істер органдарында 20-дан астам ұлт өкілі еңбек етеді. Тәртіп сақшысының айтуынша қызметте күнделікті түрлі ұлт өкілімен жұмыс істейсің. Өзара сыйластық пен түсініспеншіліктің арқасында ортақ іс те нәтижелі болады дейді.

АСИМАН МИРЗОЕВ, СҚО ПД ППБ инспекторы:

– Бір оқиға есімде: 2022 жылы әріптесім екеуімізге бір адам келіп, жолаушысы нашар күйде екенін айтып, көмек көрсетуді сұрады. Көліктегі адамның жүрегі қысып қалса керек. Біз жолда тұрған жерімізден дереу кардиологиялық орталыққа зыта жөнелдік.

Науқас отырған көлікті емдеу мекемесіне бастап бару, жолда қиын жағдайға тап болған жандарға көмектесу, тұрғындармен иық тірестіріп өртті сөндіру – бұндай оқиғалар Асиман деген азаматтың басынан талай рет өтті. Ол ішкі істер органдарына қызметке 2014 жылы орналасқан. Патрульдік полиция батальонының инспекторы болып 5 жылға жуық еңбек етуде. “Қызметтік жолда талай жағдайға тап болдық. Ең бастысы, қиын кезде бір-бірінен көмекті аямайтын қарапайым азаматтарға ризамын боламын”,- дейді.

АСИМАН МИРЗОЕВ, СҚО ПД ППБ инспекторы:

– Пользуясь случаем, хочу поздравить всех казахстанцев с Днём единства народа Казахстана. Хочу пожелать дружбы, взаимопонимания и мирного неба над головой.