Құқық қорғау органдары

Мас жүргізуші

3 күннің ішінде 16 мас жүргізуші ұсталды. Оның екеуі есірткі шегіп алған. Облыс жолдарында «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасы өтті. 100-ден астам жүргізуші жылдамдық асырған жерінде ұсталды. Қиылыстан дұрыс өтпейтіндер де кездескен. Ал Уәлиханов ауданының 41 жастағы тұрғынына қатысты азаматтық қару айналымы тәртібін бұзғаны үшін хаттама толтырылды. Аңшы ер адам аңшылықтан кейін мылтығын алып, оған салатын оқ-дәрісін көлікте ұмытып кеткен. Жалпы, рейд барысында тіркелмеген 2 қару мен 20-ға жуық оқ-дәрі тәркіленді.