Қоғам

Қытайлық “Yutong” компаниясы теріскейге жылу жеткізді

Өңірімізге жан-жақтан келіп жатқан гуманитарлық көмек легі толастар емес. Бұл жолы теріскейге қоғамдық көлік шығаратын қытайлық “Yutong” компаниясы қол ұшын созды. Шекара сыртындағы ұйым облысқа ауызсу, тез дайындалатын тағамдар және бірнеше қорап тәтті жіберіпті. Ал осындан 1 апта бұрын жүк көліктеріне арналған қосалқы бөлшектер жолдаған екен.

ДЖА ШИН ШУ, “Yutong” компаниясының менеджері, ҚХР:

– Біз гуманитарлық көмек көрсетуді сіздердің өңірден бастадық. Алдағы уақытта Батыс Қазақстандағы аймақтарға да қолдау жібермекпіз. Қиын-қыстау шақта жәрдем білдіруге тырысамыз. Егер тағы қандай да бір қосалқы бөлшектер қажет болса, біз барлығын тегін жібереміз.

Қазіргі таңда “Yutong” компаниясы қала әкімдігімен тығыз байланыста. Облыс орталығында жүретін 100 қоғамдық көлік осы ұйымға тиесілі. Жақында Петропавлда өз филиалдарын да ашпақ ойлары бар.

БОЛАТ ДАНИЯРОВ, “AMANAT” партиясы СҚОФ атқарушы хатшысының орынбасары:

– Бұл жерде біз жан-жақтан келген гуманитарлық көмекті қабылдап аламыз. Осы күнге дейін республиканың әр өлкесі мен шетелдік елдерден қолдау келді. Айта кетсем, бұл жер – гуманитарлық көмекті қабылдап алатын орын. Қазіргі таңда қалада 4 көмек тарату қосыны бар. Адамдар керек-жарақтарын сол жерлерден алуы тиіс.

Осы уақытқа дейін теріскейге 124 мың тонна жылу келген. Барлық зат зардап шеккен жандарға таратылуда.