Тұрғылықты жеріңді тазартуға үлес қос! 1 мамыр – Бірлік күні елімізде жалпыреспубликалық сенбілік өтеді. Бұл шараның солтүстікқазақстандықтар үшін маңызы зор. Тасқыннан зардап шеккен аумақтарды және өзге де жерлерді тазалау арқылы теріскейліктер ауызбіршіліктің нағыз үлгісін көрсетпек. Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері өңір тұрғындарын игі шараға біркісідей қатысуға шақырады.
ЕЛЕНА СЕМИДОЦКИХ, облыстық ҚХА төрағасының қоғамдық орынбасары:
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен еліміздің түкпір-түкпірінде «Таза Қазақстан» акциясы өтіп жатыр. Бұл бірреттік шара емес екенін түсінуіміз керек. Қала, ауыл және даланың күл-қоқыссыз болуы адамға тікелей қатысты. Әр азаматты Қазақстан халқының бірлігі күнін осылай атап өтуге шақырамыз. Көшеге шығып, қаламызда тазалық орнатайық. Біз бірлескен күш-жігердің арқасында ғана елімізді көркейте аламыз.
Байболат Құлтанов