Қоғам

Уәлиханов ауданының тұрғындары сенбілікке шықты

“Таза Қазақстан” республикалық акциясы аясында Кішкенекөлдегі мекеме қызметкерлері мен ұйым өкілдері және
жергілікті тұрғындар сенбілікке шықты.

ӘЛИЯ ҚИЗАТОВА, Уәлиханов ауданының тұрғыны:

– Сенбілік – ұжымдық рухты, ауызбіршілігімізді көрсетететін керемет іс-шара. Сол мақсатта бүгін “Таза Қазақстан” акциясына қатысып, ауылымыздың “Жеңіс” саябағын тазартып жатырмын. Барлық қазақстандықтарды сенбілікке шақырамын.

Аталмыш ауданның тұрғындары ауылдың көшелерінен бастап, саябаққа дейін тазалады. Сондай-ақ, ағаш әктеліп, артық бұтақтарды кесу мен жан-жағын тазарту жұмыстары атқарылды.

БОРАШ МҰҚАНОВ, Уәлиханов ауданының тұрғыны:

– “Таза Қазақстан” акциясын қолдау мақсатында сенбілікке шығып отырмыз. Ауылымыз әрқашан таза болу үшін осындай іс-шараға қытысуы керек.

Айналаны гүлдендіруге барлығы – мың жарымнан астам адам атсалысқан. Сенбілікке 27 техника жұмылдырылды.

 

Ақжүніс Мұқатай