Қоғам

Ағаштар әктелуде

Қала бойынша ағаштар әктелуде! Жергілікті “Коммунхоз-Петропавл” серіктестігінің өкілдері Пушкин көшесінің бойында жұмыс істеп жатыр. Жасыл желекті құрт-құмырсқа мен аптап ыстықта оттан сақтау әрі қалаға ерекше көрік беру мақсатында жүргізілетін іс осыдан бір апта бұрын бастау алған. Маңызды шаруа 1-ші мамырға дейін аяқталмақ. Жалпы, әктеу жұмысына шаһар бойынша 7 бригада жұмылдырылған. Әр ұжымда – 14 адамнан.

ИРИНА ХАБАРОВА, “Коммунхоз-Петропавл” ЖШС бригадирі:

– Біз Сүтішев, Назарбаев, Жамбыл және Жұмабаев көшелеріндегі ағаштарды әктеп шықтық. Орта есеппен алсақ, бір көшедегі іске 30-40 келі әк кетеді. Әрине, бұл жерде көрсеткіш ағаш саны мен көлеміне байланысты өзгереді. Таңғы 9-дан кешкі 6-ға дейін жұмыс істейміз. Әктелген ағаштар алыстан көз тартады және жақсы өседі. Бұл ауамыздың таза болуына тікелей әсер етеді.

 

Мәдина Қаби