Облыстық мәслихатта Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиында Ғ.Мүсірепов ауданына қарасты Ломоносов ауылдық округінің әкіміне қатысты тәртіптік іс қаралды. Вячеслав Барсуков мемлекеттік сатып алу тәртібін бұзған.
ДУЛАТ ТАЙШАБАЙ, әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы:
– Өткен жылдың қараша айында Ставрополка ауылының жолдарын орташа жөндеуге келісім шарт жасалған. Сол келісім бойынша орындалған жұмыстың сапасына техникалық қадағалау жүргізу үшін қосымша мемлекеттік сатып алу жүргізілген. Тәртіптік іс материалдарына сәйкес, техникалық қадағалау жұмыстарының аяқталу актісі бойынша жұмыс бітпей жатып қаражат төленгені белгілі болды.
Ауылдық округ әкімінің сөзінше техникалық қадағалау жұмыстары жүзеге асырылды. Оған жеткізілген материалдың сапасы кіреді. Бұған белгілі көлемде қаражат аударылды. Ал жол жөндеу жұмыстары биыл жүргізілетін болады.
ВЯЧЕСЛАВ БАРСУКОВ, Ломоносов ауылдық округінің әкімі, Ғ.Мүсірепов ауданы:
– Отырыс қорытындысы бойынша дауыс беру арқылы тәртіптік істі тоқтату туралы шешім қабылданды.
Гүлден Сембаева