Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен ассамблея сессиясында тың идеялар айтылып, жаңа міндеттер айқындалды. Қазақ тілі уақыт өте келе этносаралық қатынас тіліне айналуы мүмкін. Президенттің айтуынша ел біртіндеп осыған келе жатыр. Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында көптеген іс-шара атқарылуда. Қазіргі таңда қалада қазақ тілін үйренемін деген жандарға арналып тегін курс ашылған. Тіл сабағы ассамблея мен облыстық кітапханада өтеді.
СӘЛІМХАН СӘБИТОВ, облыстық ҚХА өкілі:
– Өзге ұлттар да белсенді қатысуда. Қазақ тілі мұғалімі болып жұмыс істеп жатқан қаншама адам бар. Қазіргі таңда өздерінің үлесін қосуда. Олардың көбі үлкен марапаттарға ие болды. Біз олар үшін өте қуаныштымыз.
Сондай-ақ, Президент ассамблея жұмысын еліміздің жаңа гуманитарлық-идеологиялық доктринасымен үйлестіру қажет деді. Бұл еліміздің болашақ келбетін қалыптастырады.
ГҮЛБАҚША МҰСАБАЕВА, облыстық ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының төрағасы:
– Гуманитарлық доктрина болашақта жаңарған мәдениетпен қалыптастыратын басты идея. 2025-ші жыл – ҚХА-ның 30 жылдығы. Халықтың мойнына ауыр жүк келген кезде ең бірінші Ассамблея қолына алады.
Су тақыны болған аймақтарға «Жүректен жүрекке» акциясы аясында 770 млн теңгеге 1500 тоннадан астам азық-түлік пен тұрмыстық заттар жіберілген. Ассамблея мүшелері «Қайырымдылық керуені» жобасы аясында да мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп жүр. Өткен жылы 1,7 млрд теңгенің көмегі көрсетілген.
Гүлден Сембаева