Ауыл шаруашылығы

Биыл облыста 4,5 млн гектар жерге егін егіледі

Биыл өңір диқандары 4,5 млн гектар алқапқа егін еккелі жатыр. Оның 3,4 млн гектары дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар болса, майлы дақылдар 751 мың гектарды, ал жемшөп 379 мың гектарды құрайды. Облыста көктемгі дала жұмыстарына дайындық жұмысы белсенді жүргізілуде. Мемлекет басшысының жалпы өнімді 2 есе ұлғайту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру шеңберінде Жол картасы әзірленді.

МЕЙРАМ МЕҢДІБАЕВ, СҚО ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы:

– Ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыру шеңберінде жасымықтың егіс алқабы 134,8 мың гектарға дейін ұлғайтылды, зығыр 527,4 мың гектарға дейін ұлғайтылды. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ішкі нарықты әлеуметтік маңызы бар өнімдермен молықтыру үшін қарақұмық алқабы 26 мың гектарға дейін, ұйымдасқан картоп шаруашылықтарында 7,7 мың гектарға дейін ұлғайтылатын болады.

Ауыл шаруашылығын субсидиялауға мемлекет тарапынан 60,8 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде өсімдік шаруашылығына – 24 млрд, мал шаруашылығына – 10,0 млрд, ал басқа салаларға 30,4 млрд теңге қолдау көрсетілді. Өңірімізде жыл сайын минералды тыңайтқыш сатып алу қарқыны артып келеді дейді облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Мейрам Меңдібаев. Осы жылы шамамен 256 мың тонна минералды тыңайтқыш енгізу жоспарлануда.

МЕЙРАМ МЕҢДІБАЕВ, СҚО ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы:

– Топырақтың құнарлылығын сақтау үшін сөзсіз фактор – қолданылатын минералды тыңайтқыш көлемінің ұлғаюы болып табылады. Бүгінгі таңда 163,7 мың тонна тыңайтқышқа келісімшарт жасалды немесе 64%, 138,9 мың тоннаға төлем жасалды немесе 54% және 101,3 мың тонна тиеп артылды немесе 40%.

Жыл басынан бері өңір агроқұрылымдары 8,5 млрд теңгеге 260-тан астам техника сатып алды. Көктемгі дала жұмысына 30 мың техника жұмылдырылмақ.

 

Гүлден Сембаева