Қала маңындағы Тепличное су басу қаупі төніп тұрған ауылдардың тізіміне кіреді.
Әзірге, ауылда жағдай тұрақты. Бірақ, Есіл таситын болса, шеткі үйлер су астында қалуы мүмкін. Бұған ауыл тұрғындары да дайындалып отыр екен.
ВЛАДИМИР ДАУДЕРИХ, ауыл тұрғыны:
– Мен бұл ауылға жақында көшіп келдім. Бірақ, көршілердің айтуы бойынша бұл жерді жылда су басады. Біз отбасымызбен керек-жарақ заттарымызды дайындап қойдық. Қауіп төнген жағдайда қауіпсіз жерге барамыз.
Қауіпсіз жерге жету үшін қарапайым қапуіпсіздік ережелерін білу керек.
БІРЖАН ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, «Жастар рухы» ЖҚ СҚОФ төрағасы:
– Су тасқыны болған жағдайда тұрғындар ең бастысы, керекті деген заттарын және құжаттарын алуы қажет.
ЖАНАТ МҰХАМЕТҚАЛИЕВ, Қызылжар аудандық ТЖБ бас маманы:
– Қазіргі уақытта Тепличное және Прибрежное ауылдарында жұмыстарды жүргізіп жатырмыз. Іс-шараға қатысып жатқандар – Қызылжар аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, жергілікті органдар және студенттер мен волонтерлер.
Белсенді жастар мен құтқарушылар жаднама ұстап бүкіл үйді аралап шықты. Пайдалы мағлұмат жазылған парақша үй иесі болмаған жағдайда сыртқы есіктің тұтқасына ілінді.
Мәдина Қаби