ТЖ

Заречный кентіндегі бөгет нығайтылуда

Заречный кентінің еріген жерлері лай-батпақ, ерімеген жерлеріндегі қар қалың. Ертең күн күрт жылыса осының бәрі бір мезетте суға айналады. Заречный кентін су басуы мүмкін. Қауіпті сейілту үшін қазір құтқарушылар мен 6637 әскери бөлімінің сарбаздары осындағы бөгетті нығайтып жатыр. Іске 60-қа тарта жауынгер, 10 техника жұмылдырылған.

ТЕМІРХАН САҒЫНДЫҚОВ, қалалық ТЖБ азаматтық қорғаныс тобының офицері:

– Қазіргі таңда 6 мыңнан астам қап дайындалды. Су тасқынынан қорғайтын үйіндінің ұзындығы – 1 жарым метр. Биіктігі 2 жарым метр.

САЯН АХМЕТЖАНОВ, қалалық ТЖБ аға инженері:

– Заречный кентінде 250-ге жуық үй бар. Тұрғындарының саны мыңға жуықтайды. 13 саяжай учаскесі орналасқан. Кенттегі ахуал қазір тұрақты. Жағдайды жіті бақылауда ұстап отырмыз.

Мамандардың айтуынша қауіп Есіл жақтан төнуі мүмкін. Су келген жағдайда бірден құтқару шараларына кірісуге сақадай сай.

 

Мәдина Қаби