Спорт

Петропавлда хоккейден жасөспірімдер арасында республикалық турнир бастау алды

Өңірімізде хоккейден байрақты бәсеке жалауын көтерді. 2013 жылғы жеткіншектер арасында республикалық турнир өтіп жатыр. Оған 6 команда қатысуда. Көп ұзамай жарыс та басталып кетті. Бәсі биік додаға өңірімізден 2 команда қатысуда. Жарысты бірінші болып өзбекстандық “Хумо” командасы мен жергілікті “Құлагер” тобы бастады.

Ойын тартысты өтуде. Жарыс барысында өзбекстандық команданың мықтылығын көруге болады. Дегенмен, теріскейліктер де қарсыластарына дес берер емес. Алайда, ойын 1:8 есебімен “Хумо” командасының пайдасына шешілді.

ДМИТРИЙ ДОЛМАТОВ, “Хумо” ХК командасының бас бапкері:

– Біз бүгін “Құлагер” командасымен кездестік. Ойын тартысты өтті. Әрине, шамалы қателіктер болды. Соған қарамастан жеңіске жеттік.

АЛЕКСАНДР КУЛАКОВ, “Хумо” ХК ойыншысы:

– Менің хоккеймен айналысқаныма 8 жыл болды. Ойын өте жақсы өтті. Мен 6 шайба соғып, 1 нәтижелі пас бердім. Командамен бірге турнир жеңімпазы болғым келеді.

Жалпы, жарыс 3 күнге созылады. Бұл турнирмен осы жылғы маусым аяқталады.

АРТЕМ КИСЕЛЕВ, Қ. Байболов атындағы БЖСМ басшысы:

– Аталған турнирге Ақтөбе, Қостанай, Көкшетау, Ташкент және өзіміздің 2 команда қатысуда. Барлық команда бір-бірімен 2 ойыннан өткізеді.

Финалдық бәсекелер сәуірдің 5-і күні өтеді. Жарыста көзге түскен ойыншыларға Қазақстан ұлттық құрамасына шақырту беріледі.