Спорт

Еркін күрестен ел чемпионаты жалғасуда

Бүгін 13 пен 15 жас аралығындағы жасөспірімдердің белдесулері өтті. Бірінші болып бозкілемге Нұрсұлтан Қабидолла шықты. Балуанымыздың күреспен айналысқанына 4 жыл уақыт болыпты. Өзінің қарсыласын еш қиындықсыз жеңіп шықты.
Бұл белдесуде қызыл киімдегі балуан жеңіске жетті. Қостанай облысының намысын қорғайтын Мансұр Есенов 68 келі салмақ дәрежесінде бақ сынады.

МАНСҰР ЕСЕНОВ, жарысқа қатысушы, Қостанай облысы:

– Қарсыласым мықты екен. Жеңу қиынға соқты. Бұл – тыңғылықты дайындықтың арқасы. Бүгінге басты мақсатым – жеңіс тұғырынан көрініп, Азия чемпионатына бару.

Жарыста барлығы – 6 салмақ дәрежесінен 400-ден астам палуан бақ сынап жатыр.

БЕРІК ШАЛАБАЕВ, жарыстың бас төрешісі:

– Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары ел құрамасына шақырту алады. Құрама жасақталып, жазда Сауд Арабиясында өтетін Азия чемпионатына қатысады.

Жарыс жеңімпаздары түрлі сыйлықтармен марапатталады. Бұдан кейін көрермен грек-рим және әйелдер күресінен өтетін тартысты белдесулерді тамашалайды. Жалпы, Петропавлдағы дода сәуірдің 11-інде өз мәресіне жетеді.