Спорт

Жерлесіміз Килиманджаро шыңын бағындырды

Петропавл тумасы Алмас Хамзин Килиманджаро тауының ең биік нүктесіне шығып, еліміздің көк байрағын 5895 метр биіктікте желбіретті. Бұл байламға бірнеше жыл бұрын келген ол, жүйелі түрде дайындалғанын айтады. Айта кету керек, бұл – жерлесіміздің тауға бірінші шығуы. Ол тау шыңын 10-ға жуық қазақстандықпен бірге бағындырған. Жерлесіміз қазіргі таңда Алматы қаласында тұрады. Жастайынан триатлонмен айналысқан. Алмас елге оралған соң арна тілшілерімен кездесіп, ерекше сапары жайлы толығырақ айтпақшы. Альпинисттің бағындырар келесі нүктесі – Эверест шыңы.

АЛМАС ХАМЗИН:

– Бізге тауға мініп, түсу өте қиынға соқты. Соған қарамастан біз өз мақсатымызға жеттік. Тау шыңына шығу сіздер ойлағандай оңай емес. Кез келген кезде денсаулығын сыр беруі мүмкін. Бірақ, бізге танзаниялық достарымыздың көп көмегі тиді. Мен бұл сапарымды ешқашан ұмытпаймын.