Облыс әкімінің төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссияның отырысы тағайындаудан басталды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып Қаныш Бижанов бекітілді. Кейін жиын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі төңірегінде жалғасты. Осы ретте орман пайдалану саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындысы, полиция департаментінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру мәселелері мен құрылыс саласындағы проблемалық объектілерге жүргізілген мониторингтің нәтижелері қаралды. Сонымен қатар, өңірде құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі талқыланды. Криминогендік ахуал таразыланып, қаржы пирамидасы мен интернет-алаяқтыққа қарсы іс-шаралар қарастырылды.
Гүлден Сембаева