Қазақстан жаңалықтары

Үкіметте су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық штабтың отырысы өтті

Штаб жұмысы шеңберінде Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге келтірілген залалды өтеу үшін қаражат жергілікті атқарушы органдардың резервінде көзделгенін баяндады. Залалдың алдын-ала мөлшерін жергілікті атқарушы органдар, өнеркәсіп және құрылыс Министрлігі және төтенше жағдайлар министрлігі анықтайды. Қосымша қажеттілік болған жағдайда қаржыландыру Үкімет резервінен жүзеге асырылатын болады.