ТЖ

Су тасқынымен күрес

Су тасқынымен күресте полиция қызметкерлері қол қусырып отырған жоқ. Түрлі құрылымдардан жиналған бір топ адам жексенбі күні Жұмысшы кентінде жүріп жатқан қызу іске білек сыбана кірісіп кетті. Тәртіп сақшыларынан құралған күш суағарларды тазалады. Күннің бірінші жартысында шен таққан мамандар қолдарындағы қарапайым құралдармен Красин көшесі мен 3-ші Михеев қысқа көшесіндегі жүйені мұздан жартылай тазартып тастады. Сонымен қатар, қалалық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев сол жердегі жағдайды бағамдап, кімге қандай көмек қажет екендігін анықтады. Су тасқынына қатысты ахуал – бүкіл бейінді қызметтердің жіті бақылауында. Еске сала кететін жайт, су басу қаупі төнген жағдайда тұрғындар 8 (7152) 39-64-16 немесе 109 нөмірі бойынша ikomek орталығына хабарласулары қажет.

 

Мәдина Қаби