Аптадағы маңызды жаңалықтар

Облыс әкімі тікұшақпен су басу қаупі бар аумақтарды бақылады

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов облысымыздағы су басу қаупі бар аймақтарды тікұшақпен бақылады. Ғ.Мүсірепов, Шал ақын, Айыртау және Тимирязев аудандарында қар әлі көп. Тиісінше, апат қаупі сақталуда. Оған қоса, кіші өзендер мен су өткізу құбырларында мұз кептелісі орын алуы мүмкін. Ақжар, Тайынша және Уәлиханов аудандарында да жағдай күрделі. Астана мен Ақмола облысының қоймаларынан көп мөлшерде су келеді деп күтілуде.

ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Қазір барлық ресурстар жұмылдырылды, күштер мен құралдар тобы құрылды, техника дайындалды. Өңірдегі өзендерде жарылыс жұмыстары жүргізіліп, эвакуациялау пункттері құрылды. Инертті материалдар, қаптар, жанар-жағармай және жүзу құралдары дайындалды. Жағдай менің жеке бақылауымда.

 

Байболат Құлтанов