Құқық қорғау органдары

Екі бірдей аялдаманы қиратқан ер адам ұсталды

Көшеде қит етсе болды, ашуын аялдамадан алатындар көп. Жуырда соның біреуі ұсталды. 24 жастағы жігіт Н.Назарбаев көшесіндегі көлік күтетін екі бірдей орынды қиратып кетті. Қызыл түсті киім киген біреудің өрескел әрекеті туралы ақпарат дереу кезекші жасақтар мен автопатрульдерге жіберіледі. Бұзақы алысқа ұзай алмады. Екі көшенің қиылысында құрықталды. Ол жолай тағы бір аялдаманы зақымдаған. Ұсталған жігіт мас болған. Өз әрекетін көңіл күйінің жоқтығымен түсіндірген. Полицейлер әкімшілік материал жинап, оны шешім қабылдау мақсатында мамандандырылған әкімшілік сотқа жіберді. Бұзақы айыппұл төлейді немесе 15 тәулікке дейін қамауға алынады.