Спорт

Апалы-сіңлілі Шумековаларға құрмет көрсетілді

Конькиші апалы-сіңлілі Шумековалар – Шал ақын ауданының тумалары. Алина мен Кристина биыл Жапонияда жасөспірімдер арасында өткен додада күміс жүлдеге ие болды. Спортшыларға бүгін құрмет-қошемет көрсетіліп, сыйақылар берілді. Шумековалардың үлкені – Инесса өткен жылы осы қыста Италияда өткен жарыста әлем чемпионы атанды.

ИНЕССА ШУМЕКОВА, конькимен жүгіруден әлем чемпионы:

– Біз қыс бойы аталған елдерден басқа тағы бірқатар мемлекетте өткен жарыстарға қатыстық. Барған жерімізден жүлделі қайтуға тырысамыз. Әрине, жеңіліс тапқан сәттеріміз де болды. Ең бастысы, биылғы коньки спорты маусымына көңіліміз толды. Бір ай шамасында демалып, қайтадан дайындыққа кірісеміз.

Апалы-сіңлілі Шумековалар қаладағы спорт интернатында оқыған. Коньки спортымен 6-7-ші сыныптан бері айналысып келеді. Алғашқы бапкерлері Ольга Ихтендерис болса, бертін келе Александр Суровяткин жаттықтырған. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Сергей Мелеховтың айтуынша жас спортшылар Шумековаларды үлгі тұтулары тиіс.

СЕРГЕЙ МЕЛЕХОВ, СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы:

– Еліміздің атын шығарып жүрген қыздарымызды шақырдық. Олар – біздің беткеұстар спортшыларымыз. Жас буынның осы конькишілерден үлгі алғанын қалаймыз. Бүгінгі жиынға қатысып отырған спортшылардың барлығы – біздің мақтанышымыз.

Жиында өңірде кәсіби спорттың ғана емес, бұқаралық спорттың дамуы туралы айтылды. Бүгінде облыс халқының 42%-ы спортпен шұғылданады екен. Өңірде 2 мыңнан спорт нысаны бар. Оның 30-ға жуығы – балалар мен жасөспірімдер және
жоғары спорт шеберлігі мектептері.

 

Мәдина Қаби