Экономика және қаржы

Бөлшек салықтың мөлшерлемесі төмендетілді

Іскер жандар үшін жағымды жаңалық! Қалалық мәслихаттың сессиясында депутаттар бөлшек салық мөлшерлемесін 4-тен 3 пайызға дейін төмендету туралы шешім қабылдады. Бұл жанашылдық жұмыскерлерінің саны 200 адамнан аспайтын, ал табысы күнтізбелік жылға 2,1 млрд теңгені құрайтын кәсіпкерлерге қатысты. Ұсынылған дерекке сүйенсек, елімізде мұндай 300-ден астам бизнес өкілі бар. Олар қызмет түрінің біреуін немесе бірнешеуін жүзеге асырады.

 

Гүлден Сембаева