Аптадағы маңызды жаңалықтарДенсаулық сақтау

Облыстық денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Қаныш Бижанов облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып тағайындалды. Қаныш Болатұлы 77-ші жылы туған, Ұлытау облысының тумасы. Қарағанды мемлекеттік медициналық институтын және Халықаралық экономикалық институтын емдеу ісі, қоғамдық денсаулық сақтаудағы менеджмент мамандықтары бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын Ғ.Мүсірепов ауданындағы Целинный орталық аудандық ауруханасында хирург-дәрігерден бастаған. Кейін аудандық аурухананың бас дәрігері болды. Осы тағайындауға дейін облыстық фтизиопульмонология орталығының директоры болып қызмет етті.

 

Гүлден Сембаева