Ауыл шаруашылығы

Облыста 10-ға жуық қара малдан бруцеллез анықталды

Өңірде 9 бірдей ірі қарадан қауіпті дерт анықталды. Атап айтсақ, Айыртау, Ақжар, Аққайың, Тимирязев аудандарында бір-бір жағдайдан тіркелсе, Қызылжар ауданында бруцеллез 5 сиырдан табылған. Дертке шалдыққан мал сойылып, тұрған орындарында дизинфекциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жұқпаның әрі қарай таралуының алдын алу мақсатында өзге ірі қарадан 15 күн сайын 2 рет сараптама алынады. Өткен жылы облыста 270-тен астам мүйіздіден бруцеллез ауруы анықталды.

АМАНЖОЛ НҰРТАЗИН, облыстық ветеринария басқармасының баспасөз хатшысы:

– Өткен жылдың шілде айынан бастап шектеу шаралары Аққайың ауданына қарасты Ленинское ауылында еңгізілді. Шектеу әлі күнге дейін алынған жоқ. Онда республикалық эпизоотикалық комиссия жұмыс істеп жатыр.

 

Гүлден Сембаева