ТЖ

Мұз жару жұмысы жүріп жатыр

Ғ.Мүсірепов ауданында мұз жару жұмысы жүргізілді. Мақсат – өзенде мұз кептелісін болдырмау. Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары бұндай жұмысты 4 жерде жүргізді. Әуелі Шарық өзенінде Раисовка ауылы тұсында, Ақанбұрлық өзенінде орналасқан көпір тұсында мұздың көбесі сөгілді. Сонымен қатар, соңғы аталған өзен мен Есілдің түйіскен жеріндегі қалың мұз да қолдан ажыратылды. Алдын алу шарасы 1200 шаршы метр аумақты қамтыды. Барлығы – 160 келі жарылғыш зат пайдаланылды.

 

Гүлден Сембаева