Қоғам

Ішімдіктен ада ауыл

Алты жылда бірде-бір қылмыс тіркелмеген. Есіл ауданындағы Қарағай ауылы тұрғындары спирттік ішімдік ішпейтін ауылдардың қатарына кіреді. Бұлақ ауылдық округіне кіретін елді мекеннің азаматтары арақ атаулыны 10 жыл бұрын ұмытқан. Бұны жергілікті учаскелік инспектор Қанат Жанғарин де растап отыр.

ҚАНАТ ЖАНҒАРИН – учаскелік полиция инспекторы, Есіл ауданы:

– Қазір біз Қарағай ауылында тұрмыз. Ауылда 27 үй бар. Халық саны – 88. Мен істеп жүргеннен бері бұл ауылда ішімдік ішкен жастар, үлкен кісілер жоқ. Соның арқасында әкімшілік құқық бұзушылықтар жоқ, қылмыстық істер де болған емес. Отбасылық жанжалдар да тіркелмеген.

БАҚЫТ АБЫЛАЕВА, ауыл тұрғыны:

– Ауылда ешқандай ұрлық жоқ. Ешқандай қорқыныш жоқ. Бәріміз бір-бірімізді танимыз. Ауылда ешкім арақ ішпейді.

Қазіргі уақытта учаскелік инспектордың негізгі жұмысы – интернет-алаяқтықтың алдын алу. Өйткені, алаяқтар уақыт өткен сайын айла-тәсілдерін де түрлендіріп жатыр. Осы ретте Қанат Жанғарин азаматтармен жиі кездеседі және WhatsApp желісіндегі ауыл чатына алдын алу тұрғысында ақпарат жіберіп тұрады.