Экология

Уәлиханов ауданында мұз жару жұмыстары жүргізілді

Уәлиханов ауданында су тасқынына қарсы іс-шаралар атқарылды. Сілеті өзенінде Құлыкөл ауылының тұсында мұз жару жұмысы жүргізілді. Іс-шара 1200 шаршы метр аумақты қамтыды. Жалпы, мұз жару жұмысы өзенде мұз кептелісінің алдын алады, нәтижесінде еріген қар суы со жерге жиналмай, мұзбен бірге аға жөнеледі.

 

Мәдина Қаби