Мандат

Сүйіндік Баумағанбетов: Ауданда өз тұрақтандыру қоры болуы керек

Сүйіндік Төлепбергенұлы ауданда өз тұрақтандыру қоры болуы керек деп санайды. Бұл азық-түлік бағасын реттеуге зор ықпал етеді. Сондай-ақ, ауылдағы малдың жүн-терісін өңдеу ісін қолға алу үшін мемлекеттен қолдау көрсетілуі қажет дейді. Қандай? Ол туралы «Мандат» бағдарламасында айтып берді.

Халық қалаулысы 8-ші округтен сайланған. Оған 4 ауыл кіреді: Рузаевка, Старобелка, Бірлік пен Червонное. Сайлаушы саны 5 мыңға жуықтайды. Мәслихатқа өткен жылы 12 депутат сайланған: 8-і «Amanat» партиясынан, 2-еуі «Ақ жол» партиясынан, қалған 2-еуі – өз-өзін ұсынғандар. Кейін 2 депутат белгілі бір себеппен мәслихат құрамынан шыққан. Қазір олардың орнына сайлау науқаны жүріп жатыр. Қалған 10 депутаттың 4-еуі – әйел адам. Мәслихатта қос тұрақты комиссия бар. Өткен жылы аудан депутаттары 33 қоғамдық қабылдау өткізіп, 50-ден астам адам қабылдаған. 28 мәселе шешімін тапқан, қалғаны бойынша түсіндіру жұмысы жүргізілген.