Мемлекеттік қызметшілердің қандай құқықтары бар? Олар қалай орындалып жатыр? Осы ретте мамандар арнайы жүргізілген мониторингілеу жұмысына тоқталды.
ДАРХАН ЕРМЕКОВ, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі СҚО бойынша департаменті басқармасының бас маманы:
– 2023 жылдың нәтижелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне демалыс беру және іссапар шығындарын төлеу талаптарының сақталуына жүргізілген талдауға сәйкес бұзушылықтардың ең көп саны еңбек демалысын беру кезеңінде мемлекеттік қызметшілердің құқықтарының бұзылуына жататыны анықталды. Ол 30 жағдайды құрады.
Былтыр облыста 30 мемлекеттік қызметшіге қатысты еңбек демалысын және 1 қызметшіге іссапар ақысын уақытылы төлемеу фактісі анықталды. Бұл мәселе соңында шешімін тауып, қызметішілерге төлемақылары төленді.
ДАРХАН ЕРМЕКОВ, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі СҚО бойынша департаменті басқармасының бас маманы:
– Заңның 54-бабының 1-тармағына сәйкес, жыл сайынғы еңбек демалысына ақы төлеу басталғанға дейін күнтізбелік үш күнінен кешіктірілмейді, ал еңбек демалысы кестеден тыс берілген жағдайда ол берілген күннен бастап күнтізбелік үш күннен жүргізілмеуі тиіс. Уақытылы демалыс төлемдерін төлемеу келесі әкімдерінде орын алды. Олар: Ғ.Мүсірепов атындағы әкімдігінде – 170 факт, Шал ақын – 1, Тайынша ауданы – 1, Жамбыл ауданы – 10, Қызылжар ауданы – 1 факт.
Жұмыс беруші жалақыны толық көлемде, еңбек, ұжымдық шарттарды белгіленген мерзімде орындамаған кезде жұмыс беруші заңға сәйкес жауапқа тартылады.
Мәдина Қаби